Шымкентте Digital Qazaqstan форумы өтуде

Шымкент қаласында цифрлық даму мен инновацияға арналған маңызды алаң – Digital Qazaqstan форумы өтуде.
Аталған іс-шара еліміздің IT саласын дамытуға, заманауи технологияларды кеңінен енгізуге және цифрлық экожүйені нығайтуға бағытталған.
Форум аясында сарапшылар, IT мамандар, стартап өкілдері мен жас әзірлеушілер бас қосып, өзара тәжірибе алмасуда. Қатысушылар жасанды интеллект, блокчейн, цифрландыру және инновациялық шешімдер тақырыптарында пікір алмасып, жаңа жобаларды таныстыруда.
Айта кету керек, бұл ауқымды шара шеңберінде еліміздегі ең ірі IT жарыстардың бірі – Decentrathon 5.0 хакатоны да ұйымдастырылып отыр. Бұл өз кезегінде жас мамандарға өз қабілеттерін көрсетуге және тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Digital Qazaqstan форумы – цифрлық трансформацияны жеделдетуге және еліміздің технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.












