ШЫМКЕНТ: 65 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІН ЖҮРГІЗУГЕ МҮМКІНДІК АЛДЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТ: 65 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІН ЖҮРГІЗУГЕ МҮМКІНДІК АЛДЫ

143

Шымкент қаласында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 54 пайызды құрап отыр, биылғы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспарланған.

Осыған байланысты 2022 жылы 19 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге дейін 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясының және Самал-3, Солтүстік шығыс, Солтүстік батыс, Жұлдыз елдімекендері мен Айша бибі  және Хлопзавод-Шолохов көшелеріне кәріз құбырын тарту құрылысы аяқталды.

Жыл қорытындысымен, 65 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады.

Advertisements