АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
«AMANAT» партиясының аудандық филиалдары жанынан құрылған топ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторингті жалғастыруда. Азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторинг топтары бүгін «Magnum», «Gramad» сауда желілері мен «Айна» базары секілді ірі сауда орталықтарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына мониторинг жүргізді.
Топ өкілдері, сондай-ақ, «Europharma» дәріханалар желісі мен жанар-жағармай бекеттерінде де болып, зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды. Дәрілік препараттардың шекті бағадан аспауы, әр сатып алушыға түбіртек берілуі және дәрі тапшылығын болдырмау туралы түсіндірілді.
Партияның аудандық филиалдары жанынан құралған мониторинг тобының мүшелері сауда орындарындағы тұтынушыларымен пікірлесіп, алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына тұрақты мониторинг және талдау жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұратынын жеткізді.