Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінімдер 1 тамыздан бастап қабылданады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінімдер 1 тамыздан бастап қабылданады

0
40

2024 жылдың 1 тамызында Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінімдер сағат 9:00-ден бастап қабылданады.
Бұл бағдарлама мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында жүзеге асырылып, халыққа үлкен көмек көрсетуге бағытталған.
Тұрғын үй сертификаты – несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек.
Әлеуметтік көмек ретінде берілетін бұл сертификаттың мөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайды. Бұл бағдарлама арқылы көптеген отбасылар өздерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік алады.
Өтініш беру үшін белгілі бір талаптарға сәйкес келу қажет.
Атап айтқанда:
– Өтініш беруші мен оның отбасының әрбір мүшесінің айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспауы тиіс;
– соңғы 6 айдағы орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы қажет;
Айта кету керек, бұл көрсеткіштер зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды.
Өтініштер «http://xn--k-jtbaait0d.kz/» интернет ресурсы арқылы қабылданады. Өтінім беру үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Бұл өтінім беру процесін жеңілдетіп, оны қолжетімді етеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл бағдарлама көптеген отбасыларға көмек көрсетуге және олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Әкімдік осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға ұмтылуда.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй сертификаты 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 млн теңгенің көлемінде берілсе, 2020 жылы 101 азаматқа жалпы құны 100 млн теңге болатын сертификат берілген. Ал 2021 бұл мақсатқа 300 млн теңге қарастырылған. 2022 жылы тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралды. Ал өткен жылы жылы қайтарымсыз негізде 148 отбасы тұрғын үй сертифаттары арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізген болатын.Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

 

Advertisements