Қарағанды облысында19 көлік соқтығысты
23 қаңтарда Қарағанды облысында 19 жеңіл автокөліктің қатысуымен жаппай жол көлік оқиғасы орын алды. Жергілікті жерде ТЖМ және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеуде, деп хабарлайды “Қазавтожол“.
Ұлттық компанияның ресми Telegram–каналының мәліметінше, 2025 жылдың 23 қаңтарында сағат 10:30 шамасында Екатеринбург–Алматы автожолын (Қарағанды–Балқаш, 1492-1855 км) қайта жаңарту учаскесінде Балқаштан Қарағандыға қарай қозғалыс ашылды. Шешім ауа-райының жақсаруына және көлік құралдарының жиналуына байланысты қабылданды. Қозғалыс Қарағанды облысы мен “Қазавтожол“ полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ұйымдастырылды.
“Сағат 12: 30-да осы учаскеде 1630 км-де 19 жеңіл автокөліктің қатысуымен жаппай көлік соқтығысы орын алды. Оқиға орнында ТЖМ және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеуде. ЖКО–ның алдын ала себебі–жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамау“, – деп атап өтті“ҚазАвтоЖол“.