Қазақстанда электромобильдердің саны артты
Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есеге артты. Алматы көшбасында тұр.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша тіркелген электромобильдердің саны 12 587 бірлікті құрады, бір жыл бұрын 7 680 бірлік болған. Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне де, автобустарға да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасында өсім ерекше байқалады: олардың саны 7 383–тен 12 119 бірлікке дейін өсті.
Көшбасшылар үштігінде:
Алматы – 7 309 электромобиль;
Астана с 1510 электромобиль;
Алматы облысы – 638 электромобиль.
Бүгінгі таңда жүк электромобильдерінің саны–338 бірлік, автобустар — 130.