Қазақстан: Қатты суық пен қарлы боран күтілуде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстан: Қатты суық пен қарлы боран күтілуде

10

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері оңтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын анықтайтын болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, 25-26 ақпан күндері оңтүстікте, 26-27 ақпанда түнде оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қар түрінде болады. Жауын-шашын желдің күшеюімен, төмен қарлы боранмен және көктайғақпен бірге жүреді. Қазақстан бойынша тұман болады деп болжануда.

Түнгі уақытта ауа температурасының солтүстікте, солтүстікбатыста, елдің орталығында 8-18 аяз, оңтүстікте, оңтүстікшығыста 5-12 аяз, шығыста 15-20ға дейін, аймақтың оңтүстігінде 5 аязға дейін төмендеуі күтілуде, делінген хабарламада.

Бұған дейін Синоптиктер Қазақстанда көктемге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың айтуынша, алдағы маусым нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп күтілуде, бірақ температураның күрт өзгеруімен.

Advertisements