Шымкентте көпбалалы аналарға 8 наурызға жәрдемақы төленеді

Шымкентте 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.
Шымкент мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнінде “алтын“ және “күміс“ медальдарымен, “Батыр ана” атағымен, I және II дәрежелі “Ана даңқы“ орденімен марапатталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізіледі. Біржолғы әлеуметтік төлем үшін көп балалы аналардың тізімі “Азаматтарға арналған үкімет“ мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан алынады.
Әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Шымкентте көп балалы аналар саны 67 741 құрады, оның ішінде “Алтын алқа“ және “Күміс алка” ордендерімен марапатталғандар саны — 13 805. Көп балалы аналардың, яғни 4-5 баласы бар аналардың саны 53 936 құрады.