Жақында елімізде ауа температурасы 28 градусқа дейін жетеді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Жақында елімізде ауа температурасы 28 градусқа дейін жетеді

12

Барикалық түзілімдердің ауысуы салдарынан 1, 2 және 3 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет РМК синоптиктері хабарлады.

rexels

rexels

Мәселен, бұл күндері Қазақстан бойынша найзағай соғып, жаңбыр жауады. Сонымен қатар, Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ауысуы мүмкін. Тек елдің орталығы мен оңтүстігінде жоғары қысым өрісінің әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.

Метеорологтардың айтуынша, батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді, таулы аймақтарда тұман болады. Елдің көп бөлігінде күндізгі температура +8+13ден +15+20 – ге дейін көтеріледі деп күтілуде. Мысалы:

оңтүстікте +18 + 23ден +20 + 28 – ге дейін,

оңтүстікшығыста +12+20ден +18 + 23 – ге дейін,

шығыста негізгі фон +5 + 15болады.

Тек батыста +15+25ден +13+22 – ге дейін төмендеу күтіледі.

Advertisements