Орал: Камаз жүргізушісі 6 жасар баланы қағып кетті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Орал: Камаз жүргізушісі 6 жасар баланы қағып кетті

8

21 сәуірде Оралдағы Брусиловский көшесінде Камаз жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан алты жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Мой город.

Бала шұғыл түрде әртүрлі жарақаттармен, соның ішінде ауыр бас жарақатымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың барлық жағдайлары белгіленеді.

Advertisements