Шымкентте жолаушылар көлігін дамытуға арналған жаңа кешенді схема әзірленуде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте жолаушылар көлігін дамытуға арналған жаңа кешенді схема әзірленуде

8

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі, қала тұрғындарынан қоғамдық көлікке қатысты көптеген өтініштер келіп түсуде.

Атап айтқанда, қосымша бағыттардың қажет екендігі, автобустардың жетіспеушілігі, қозғалыс кестесінің сақталмауы және қоғамдық көлік паркін жаңарту қажеттілігі сынды мәселелер көтеріліп отыр.

Осыған байланысты шаһардың Бас жоспарына енгізілген өзгерістерге, жаңа тұрғын үй кешендері мен жол инфрақұрылымының дамуына, сондай-ақ өндірістік аймақтардың кеңеюіне байланысты, 2020 жылы қабылданған жолаушылар көлігін дамытуға арналған кешенді схеманы қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.
Сол себепті 2025 жылы жаңа кешенді схема әзірлеу жоспарлануда.
Осы бағытқа байланысты Транспорт басқармасында арнайы кездесу ұйымдастырылып, қоғамдық көлікке қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жаңа маршруттық желіні құрастыру барысында тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамту, жолаушылар ағынының тығыздығы, жолдардың техникалық жай-күйі мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктері және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік сияқты негізгі факторлар ескерілетін болады.
Сонымен қатар, маршруттар сызбасын жаңарту және автобустар санын арттыру мәселелері де қарастырылып жатыр.
Траспорт басқармасындағылардың айтуынша, негізгі мақсат- қоғамдық көлік жүйесін халық үшін қолайлы әрі тиімді ету.
Advertisements