Шымкент әкімі бірқатар нысандарды аралап шықты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент әкімі бірқатар нысандарды аралап шықты

10

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында бірқатар нысандардағы жұмыс барысын тексерді.

Абай ауданы, Шұбаркөл көшесіндегі құрылыс алаңында әкім мердігер ұйымға жұмыс қарқынын бәсеңдетуге жол берілмеуі тиіс екенін ескертіп, барлық жұмыстардың бекітілген кестеге сәйкес уақытында аяқталуын тапсырды.
Қала басшысы Әл-Фараби ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратын қарап шықты. Аталған нысан Түркістан облысы әкімдігімен жасалған екіжақты Жол картасы аясында қаланың коммуналдық меншігіне берілуде.
Сондай-ақ әкім Қонаев даңғылының жалғасының екінші кезеңінің құрылысымен танысты. Келесі аптада Володарский көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысын ашу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Бұдан бөлек, Ғабит Сыздықбеков Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшылығына бірқатар мәселелерге назар аударуды тапсырды және жөндеу жұмыстарын белгіленген талаптарға сай аяқтауды міндеттеді.
Advertisements