Алматылықтар Джей Лоның концертіне ертерек келуі керек - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Алматылықтар Джей Лоның концертіне ертерек келуі керек

5

Джей Лоның концертін ұйымдастырушылар кіреберісте кептеліс  туындамау үшін Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан іс шараға ертерек келуді сұрады.

Баспасөз мәслихаты кезінде ұйымдастырушылар, стадионда екі кіреберіс есік ашық болатынын және де кептеліс туындамау үшін қосымша тағы бір есікті ашу жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ, қалада стадионға іргелес көшелер жабылуы да мүмкін.

Концерт күні стадионға кіру сағат 15:00-ден бастап ашық болады, сондықтан алматылықтар іс-шара басталғанға дейін келіп, ыңғайлы орналаса алады. Концерттің өзі сағат 19:00-де басталады. Алаңда фудкорттар жұмыс істейді, ал диджей жағымды атмосфера жасайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің концертінде басқа да әншілердің өнер көрсететінін мәлімдеді.

 

Advertisements