“Paryz” конфедерациясының өкілдері Шымкент кәсіпкерлерімен кездесті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

“Paryz” конфедерациясының өкілдері Шымкент кәсіпкерлерімен кездесті

33

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнес өкілдері мен “Paryz” ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы басшыларының кездесуі өтті.

Кеңесте әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын дамыту, үшжақты комиссияның жұмысын жетілдіру, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың әлеуетін күшейту мәселелері талқыланды.

“Құрметті әріптестер, кездесу барысында еңбек саласындағы өзекті мәселелер, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолдары, сондай-ақ жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері талқыланады. “Paryz” ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы 2000 жылы құрылды және 23 салалық қауымдастықтың 1500-ден астам мүшесін, ірі және орта кәсіпорындардың 100 мыңнан астам қызметкерін біріктіреді. Ұйым БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымы болып танылды”, – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Конфедерацияның бас директоры Қаныбек Жанбырбаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциялары мен стандарттарына сәйкес тәжірибесімен бөлісті.

“Paryz” ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының негізгі мақсаты-жұмыс берушілердің әлеуметтік-еңбек саласындағы мүдделерін қорғау және бизнес, мемлекет және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту. Ұйым жұмысының базалық бағыттары – қолайлы іскерлік және еңбек ортасын қалыптастыруға жәрдемдесу, еңбек заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу, жұмыс берушілер, мемлекет және қызметкерлер арасындағы үшжақты комиссия шеңберінде жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау, еңбек саласындағы халықаралық стандарттарды, оның ішінде халықаралық еңбек ұйымының нормаларын ілгерілету. Сондықтан баршаңызды Конфедерацияның мүшесі болуға шақырамын”, – деді Қаныбек Жаңбырбаев.

Кездесуде кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер Конфедерация басшысына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

Advertisements