ШЫМКЕНТ: ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРДАН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП
Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында облыстық және республикалық телеарналардың қатысуымен қаладағы 17 ірі сауда үйінің және 12 базардың өкілімен кездесу өткізді.
Онда қала кәсіпкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларға жаңа жылдық мереке қарсаңында пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатуда белгіленген ережелерді қатаң сақтауын бақылау туралы айтылды.
Шаһарда «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылып, сауда орталықтары мен ірі және шағын базарларда 42 рейд жүргізілді.
Рейдтік іс-шаралар кезінде 4 мыңнан астам азамтақа профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке кәсіпкерлерге нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылды.