ТҮРКІСТАН: 11 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП АШТЫ
Жалпы, шаһарда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қоғамға бейімдеу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Бүгінгі таңда, «TEN QOGAM» бөлімшесі бірқатар бастамаларды қолға алып жүзеге асырып жүр.
Соның бірі, «TEN QOGAM» бөлімінің ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғаммен етене араласуға қолдаулар» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға Түркістан қалалық «Адами әлеуетті дамыту бөлімінің» басшысы Оразкүл Шайхықызы, Түркістан қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директор орынбасары Нұржан Дастанұлы және Түркістан қаласындағы медицина мекемелерінің әлеуметтік сала қызметкерлері мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.
Шара барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамтуға қажетті ресурстарды тарту мәселесі талқыланды.
Аталған мақсатта, «TEN QOGAM» бөлімі қызметіне жүгінетін 10 азамат 2022 жылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.
Сонымен бірге, 11 адамға мемлекеттік қайтарымсыз грант тағайындалды.
Биыл жыл басынан бері, ерекше қажеттілігі бар 7 азамат қоғамдық жұмысқа орналасты.