«Жастарға жұмыс» жобалық жол картасы бекітілді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

«Жастарға жұмыс» жобалық жол картасы бекітілді

105
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен республикалық отырыс өтті.
Жиынға онлайн форматта «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Искаков, “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар рухы” ЖҚ ШҚФ төрағасы Ердаулет Жүнисбек қатысты.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев: «Жол картаның қорытындысы бойынша жыл соңына дейін кемінде 100 мың жасты тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеміз», – деді.
Advertisements