ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

0
148
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселелер сараланып, тиісті бөлімдердің есебі қаралды.
Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбековтің мәлімдеуінше, көктемгі тал егу науқанына дайындық басталып кеткен. Көшеттердің денін қаладағы тұқымбақтан алып егу келісілген.
 Сонымен қатар, шаһар аумағындағы қалған топырақ көшелерге тас төсеуді мердігер мекеме басшыларымен пысықтап, бастау мәселесі талқыланды.
 Наурыз айында “Жаңа қаладағы” 9-11 көшелерде орналасқан 7 қабатты 24 тұрғын үйдің ауласындағы сыртқы жарықтандыруды, 12 қабатты 10 үйдің ауласын жарықтандыруды толық аяқтау, 9-11 көшелерінің абаттандыру жұмыстарын аяқтау бақылауға қойылды.
 Түркістандағы күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер де күн тәртібінен табылды. Нұрбол Әбдісаттарұлы құрылыс бөліміне жобалау-сметалық құжаттарды сараптамаға ұсынып, қорытынды алуды жылдамдатуды тапсырды.
Сондай-ақ, жиналыс барысында 6 секторда тұрғындармен өткен кездесу және жеке қабылдау нәтижесінде берілген тапсырмалардың орындалуы сараланды.
Advertisements