Түркістанда дүкен иелерімен меморандум жасалды
Түркістан қаласында барлығы – 25 ірі супермаркет, 3 көтерме сауда орны (Алтын бұлақ, Барлық, ЭкоБазар) және 187 дүкен жұмыс жасауда.
Шаһардағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 25 дүкен иесімен меморандум түзілді.
Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық – түлікті бастапқы бағасынан 15% пайыздық үстемақыдан асырмай сатуы керек.
Азық-түлік бағасының өсуі анықталған жағдайда келісімге тұрған дүкен иесіне әкімшілік шара көріледі.
Сонымен бірге, азық- түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында орталықта 13 әлеуметтік дүкен және 27 сауда орнында “Әлеуметтік бұрыш” ашылған.
Қазіргі таңда, меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін арнайы құрылған жұмысшы топ бақылау жүргізуде.
Топ құрамы Түркістан қаласы әкімдігі мен Түркістан облыстық “Кәсіпкерлік және сауда басқармасының” қызметкерлерімен толықтырылды.