Түркістан: Балалармен жұмыс жолға қойылған - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Түркістан: Балалармен жұмыс жолға қойылған

131

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес «Жасөспірімдер арасында суициальді мінез-құлықтың себептері және болдырмау жолдары» тақырыбында Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебі, М.Жұмабаев атындағы №15 және Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназияларында іс-шара өтті.
Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен ұйымдастырылған маңызды кездесуге мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтартар белсене қатысты.
Шарада қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің психология әдіскері Гүлвира Серікбай: «Адам өзін-өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет» деп сөз бастады.
Мектеп психологтары жоғарғы сынып оқушыларымен «Ақша қар» жаттығуы, «Жіптік курс» жаттығуы, «Психологиялық тимбилдинг», «Бақыт» жаттығуларын ұйымдастырып, әр жаттығудың мақсатын таныстырып өтті.

Advertisements