Шымкент: Мамандық тандауға бір қадам
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №84 жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші сыныптарына кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы өтті.
Мақсаты – оқушыларды мамандықтар туралы түсінікпен ақпараттандыру және кәсіптік қызығушылын арттырып, қабілеттілігін қалыптастыру.
Жоба барысында бітіруші сынып түлектеріне коуч-тренер Рахат Арғынбай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама жөнінде толыққанды ақпараттанған оқушылар ары қарай «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысты.