“ШАҢЫРАҚ” ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

“ШАҢЫРАҚ” ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

0
75
 Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Шаңырақ” ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023ж. бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.
 «Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.
 Нысандар «Шымкент қаласы,”Тұран” шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.
 Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.
Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..
Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..
 Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде “Бақытты отбасы” бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
 Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы “Қолжетімді баспана” бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Advertisements