ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА

0
50
Қалада «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйытқы болуымен 35 жұмыс беруші мекеме 800-ге жуық кәсіби маман даярлауда. Жұмыссыз азаматтар еңбек нарығында сұранысқа ие жиһаз құрастырушы, кең профильді шебер құрылысшы, электрик, дәнекер, токарь, шаштараз, маркетинг-мерчендайзер мамандықтарын тегін меңгеруде.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясындағы кәсіптік оқытудың ұзақтығы 3 ай мерзімді құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында бағдарлама қатысушыларына қосымша шәкіртақы мен бір реттік материалдық көмек төленеді.
Оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті.
Advertisements