ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ІІІ МАУСЫМЫН ПРЕМЬЕРАМЕН АШТЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ІІІ МАУСЫМЫН ПРЕМЬЕРАМЕН АШТЫ

0
75
21-22 қазан күндері Түркістан музыкалық драма театры ІІІ маусымын жаңа премьерамен ашаты.
«Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Алғаш рет Мұхтар Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік Академиялық драма театрының сахнасында 1978 жылы 15 сәуірде көрсетілген болатын. Көне шығарма болса да, әлі күнге дейін көрермен қауымды күлкіге бөлейтін қойылым бұл күнде еліміздің бірнеше театрында көрсетіледі.
Ал бұл жолы қалай болмақ? Жаңа түскен жас келін Нигора генерал ененің бұйрығымен жүріп-тұратын бір әулеттің заңдарына бағынбай, революция жасайды. Комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, жалпы қоғамда орын алып отырған адам баласының еркіндігі, таңдау құқығы сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді көрсетеді. Хайпқа толы оқиғалар, көнерген салт пен жаңарған дәстүрдің соңы қалай аяқталады? Отбасы мүшелері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізе алды ма? 100 рет естігенше, бір рет көрген артық.
Өзбекстан Республикасының көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың шығармасын аударған – Асқар Сүлейменов. Инсценировка авторы және режиссеры – Дәурен Серғазин. Театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова. Балетмейстер – Мадина Мұратпекова
Advertisements