ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ 20 ЖАҢА АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ 20 ЖАҢА АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ

0
82
Бүгін Түркістан қаласындағы қоғамдық бағыттарға жаңа 20 автобус әкелінді. Қоғамдық көліктерді табыстау салтанатына Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облыстық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев арнайы қатысты.
Облыс орталығында қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме («Жолаушы» ЖШС, «ТехПрофАвто» ЖШС) 220 дана қоғамдық көлікпен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы шаһарға жаңа 144 автобус алынған. Бүгін жаңадан алынған автобустар №7 және 31 бағыттарда қатынайтын болады.
ЕВРО-5 экологиялық стандарттарына сәйкес жаңадан келген «Saz LE-60» маркалы автобустар Өзбекстан елінде өндірілген. «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі әр автобусты 50 млн теңгеден лизингпен алған. Жалпы сыйымдылығы – 60 адам. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен және қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Жоғарыда аталған бағыттардың барлығына электронды төлем жүйесі енгізілген.
Advertisements