ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА 39 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 % сапалы ауыз сумен қамтылып 2026 жылы бұл көрсеткішті 100 % жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан аумағы 85,7 % табиғи газбен қамтылса, электр қуатымен 95,2 % қамтылған.
2025 жылы Тұран ауданын 100 % сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауданның кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 % құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы 60,2 % – ға жеткізу көзделіп отыр.
2024 жылы Тұран ауданына қарасты 39 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені – 4 көше, Арғымақ елді мекені – 4 көше, Ақжар елді мекені – 4 көше, Агро фирма қарасу – 11 көше, Құрсай елді мекені – 12 көше, Наурыз ш/а – 4 көше.
Нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2% -дан 83,4 % жететін болады.