ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ
Бүгін Шымкентте ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты митинг өтті.
32 жыл бұрын – 1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері бекітілді – бұл күн ел тарихында жаңа рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалды. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.
Дәстүрлі түрде іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындалуынан басталды. Осыдан кейін бригада командирінің орынбасары подполковник Сағдат Қапашев жеке құрамға құттықтау сөз сөйледі:
– «Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты-қазақстандық патриотизм идеясын түсіндіру, Қазақстанның жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, жас ұрпақты Тәуелсіздік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.Әрбір шынайы азамат өз елінің патриоты болуға, өз Отанын, өз халқын сүюге және мақтан тұтуға тиіс. Бұл үлкен күш. Егер әрқайсымыз өз еліміздің патриоты болып, Отанға шын жүректен берілсек, мемлекетіміз гүлдеп, берік болады», – деп атап өтті Сағдат Жанатұлы.
Сондай-ақ әскери қызметшілерді мемлекеттік рәміздер күнімен әскери бөлімнің ардагерлері Владимир Самарский мен Сұлтан Нұрымбетов құттықтады.
Іс-шара жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.