Шымкент әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесті
Қала басшысы Қаратау ауданындағы Тұран, Нұртас, Мәртөбе, Мирас-2, Тассай және Достық шағын аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Тұрғындар жолдарды асфальттеу, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, газ және кәріз жүйелерін жүргізу сияқты мәселелерді көтерді. Шалғай көшелерге бейнебақылау камераларын, жол белгілерін, бағдаршамдар мен жарықтандыру жүйелерін орнату қажеттілігі де айтылды.
Келесі жылы Тұран шағынауданында 17 шақырымды құрайтын 33 көшені асфальттау жоспарланып отыр, ал бірінші жартыжылдықта 13 көшеге жарық беру жоспарлануда. Мәртөбе тұрғын алабында үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін кабельдер мен тозған трансформаторларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мирас шағын ауданында 2025 жылы кәріз желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Әкім Тассай тұрғындарының сұрауы бойынша медициналық бекет салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Кездесу барысында қоғамдық көлік аялдамаларының сапасы мен қозғалыс кестесіне байланысты шағымдар да айтылды. Барлық мәселелер назарға алынып, тиісті шаралар қабылдау үшін нақты тапсырмалар берілді.
Тілге тиек етейік, аудан аумағында 603 көпқабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылды. Электр жарығымен қамту 98 пайызды құрайды. ауданның ауыз сумен қамтамасыз етілуі 98% – ға жетті. Қаратау ауданының аумағында 33,2 шақырым жерде барлығы 45 көше асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы жұмыстардың аяқталуына қарай асфальтталған көшелер 77,6% -. құрайды. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәртіпсіз қоқыстың алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы 2024 жылы 130 бейнекамера орнатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, осы бейнекамераларды полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аудан аумағында 2 саябақ, 9 аллея бар. Аудан тұрғындары үшін қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүл бақшасы пайдалануға берілді, 2024 жылы 8 гүл бақшасын салу жоспарлануда.