Шымкентте креативті индустрия шеберлерінің көрмесі өтті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте креативті индустрия шеберлерінің көрмесі өтті

23

Республика күніне орай Шымкент қаласында Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы ассоциациямен бірлесіп, креативті индустрияның үздік өнімдері ұсынылған көрме өткізді. «Tulip Hall» концерт залында өткен бұл іс-шараға зергерлік, киіз, тоқыма және былғарыдан жасалған бұйымдарын алып келген 17 шебер қатысты.

Көрменің басты мақсаты — креативті индустрия кәсіпкерлеріне өнімдерін нарыққа шығарып, сатылымнан пайда көруге қолдау көрсету, сондай-ақ қалада креативті өндірісті дамытып, қолөнердің танымалдылығын арттыру.

Бүгінгі таңда Шымкентте креативті индустрия саласында жұмыс істейтін 2430 кәсіпкер тіркелген. Биыл қаладағы Арбат алаңында қолөнершілердің қатысуымен 10 жәрмеңке ұйымдастырылып, осы іс-шаралар барысында 2 780 000 теңгеге 1450 қолөнер өнімі сатылған.

Осындай бастамалар арқылы ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін сақтап, жас шеберлерге қолдау көрсетіп, мегаполисте креативті индустрияның тұрақты дамуына үлес қосуға болады.

Advertisements