Шымкент: Жедел жәрдем автопаркі жаңа көліктермен толықты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Жедел жәрдем автопаркі жаңа көліктермен толықты

6
Көліктерді тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жедел медициналық көмектің сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Жыл сайын қалада халық санының көбеюі саланы дамытып, қызметті жақсартуды талап етуде. Бүгінде мегаполис тұрғындарының саны ресми статистика бойынша 1 244 415 адамды құрады. Демографиялық өсім жоғары, жыл сайын халық саны орта есеппен 40 мыңға дейін артуда.
22 көлік төртінші шақырту санатына жататын емхалар мен ауруханалардың жедел жәрдем қызметіне берілуде.
Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына көмек көрсететін Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының 4 филиалы және 10 қосалқы станциясында 106 бригада қызмет көрсетеді. Оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшер бригадасы бар.
Қаладағы 58 емханада амбулаториялық деңгейде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі. Төртінші санаттағы шақыртуларды қамтамасыз ету үшін бұл ұйымдарда 26 бригада жұмыс істеуде. Ал келесі жылы жедел жәрдем қызметіне 25 автокөлік беру жоспарлануда.
Айта кетейік, биыл қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен жекеменшік алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін амбулаториялық ұйымдарда да жедел жәрдем бригадаларының саны артып, жұмыс сапасы жақсарып отыр.
Advertisements