2025 жылы студенттердің шәкіртақысы қандай болмақ
2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Үкіметі студенттердің, бакалавриат бағдарламасы бойынша — 20% — ға, магистранттар мен докторанттарға–15% – ға шәкіртақы мөлшерін арттырды.
2025 жылы АЕК 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге дейін (7,03 доллардан 7,4 долларға дейін) ұлғаюына байланысты шәкіртақының да мөлшері өзгерді.
Сонымен:
- бакалавриат: 52 372 теңге (99,7 доллар);
- педагогикалық бағыт және “денсаулық сақтау“ – 84 000 теңге (159,9 доллар);
- интернатура: 94 863 теңге (180,6 доллар);
- магистратура: 117 098 теңге (222,9 доллар);
- докторантура: 262 500 теңге (499,8 доллар).