Қазақстандағы ең қылмысты қала белгілі болды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстандағы ең қылмысты қала белгілі болды

4

Бас прокуратурада 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейінің өсуі байқалған Қазақстанның өңірлері аталды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, елімізде  жалпы қылмыстың 5,3 пайызға (140 272ден 132 778-ге дейін) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Қылмыстың өсімі Маңғыстауда 12,2 пайызға (3097ден 3474-ке дейін), Атырауда 8,5 пайызға (4283тен 4647-ге дейін), Павлодар облысында 5,6 пайызға (5039дан 5322-ге дейін), Қызылорда облысында 4,6 пайызға (2871ден 3003-ке дейін), Ұлытауда 2,8 пайызға (1278ден 1314-ке дейін), Алматыда 1,6 пайыз (10223 10385-ке дейін) және Ақмола облысында 0,7 пайызына (5084тен 5120-ға дейін) байқалады.

Қылмыстардың көбі Алматы 24 965 (18,8 пайыз) және Астана қалаларында 17 339 (13,1 пайыз), Алматы 10 385 (7,8 пайыз) және Қарағанды 7 562 (5,7 пайыз) облыстарында жасалған“,-делінген хабарламада.

Тарқатып айтар болсақ, жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың :

  • 34 пайызы алаяқтық (45 156),
  • 23 пайызы ұрлық (30 593),
  • 6,3 пайызы есірткі қылмысы (8 363),
  • 1,2 пайызы тонау (1 551),
  • 1,2 пайызы бұзақылық (1 615),
  • 0,8 пайызы мал ұрлығы (1 051),
  • 0,4 пайызкісі өлтіру (566),
  • 0,3 пайыз зорлау (421),
  • басқа да құқық бұзушылықтар 32,7 пайыз (43 462).

Ауырлығы төмен қылмыстар бойынша -7,6 пайызға (21826-дан 20178-ге дейін), ауырлығы орташа -16,8 пайызға (58874-тен 48992-ге дейін) және ауыр қылмыстар бойынша -2,2 пайызға (37548-ден 36736-ға дейін) төмендеу байқалады.

Сонымен қатар, ұрлық 28,3 пайызға (42639дан 30 593 — ке дейін), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы 30,9 пайызға (10 530дан 7 273-ке дейін), пәтер ұрлығы33,5 пайызға (3 566дан 2 373-ке дейін), автокөлік ұрлығы42,2 пайызға (258ден 149-ға дейін). Мал ұрлығы да 30,9 пайызға (1520дан 1051-ге дейін) төмендеді.

 

Advertisements