Шымкенттен Будапештке әуе рейстері іске қосылады
Қазақстан Венгрияға әуе қатынасын кеңейтуде, деп хабарлады Көлік министрлігі.
2025 жылдың 27 мамырынан бастап “SCAT“ қазақстандық авиакомпаниясы Шымкент — Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері “Boeing 737“ типті әуе кемелерінде орындалады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда–экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп атап өтті ведомствода.