Шымкентте жолдарды жақсарту жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Ол Төлеметов көшесінен Тұран шағынауданын жалғайтын Алтынсарин көшесінің және А-2 автомобиль жолын (7-кезең) қайта құру жұмыстарын тексерді.
Аталған жобалар қала тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Қуаныш Жұмабекұлы жол құрылысының сапасын мұқият бақылау қажеттігін атап өтіп, мердігерлерге жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тапсырма берді.