Сәбіз экспорты 10%-ға өсті

Павлодар облысында сәбіз экспорты 10%-ға өсті. Қаңтар-ақпан айларында облыс фермерлері 4327 тонна сәбіз экспорттаған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10%-ға артық.
Былтыр Ертіс-Баян өңіріндегі сәбіз алқаптарының жалпы аумағы 4,9 мың гектарды құраған. Облыста 100-ге жуық шаруашылық сәбіз өсірумен шұғылданады.
Облыс билігі шаруалардың қолындағы өнімді сыртқа сатуға жәрдемдесу туралы Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктеріне, облыстардың әкімдіктеріне және өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына хаттар жолдаған.