Шымкенттен Мюнхенге тікелей рейс ашылады

27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды.
Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұйымдастырылады. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы қолайлы байланыстарды қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Билеттер сатылымы ашық.