Ресейден Қазақстанға жеткізілетін дәмдеуіштер экспорты өсті

Ресейден Қазақстанға жеткізілетін дәмдеуіштер экспорты 3,5 есе өсті, деп хабарлайды Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметі.
2025 жылдың басынан бері Орал кеденшілері экспортқа 3 мың тоннаға жуық дәмдеуіштерді рәсімдеді. Олардың ішінде:
зімбір;
шафран;
куркума;
тимьян;
лавр жапырағы бар.
Сондай-ақ карри және басқа да дәмдеуіштер.
Ресейдің кеденшілері Қазақстан, Қырғызстан және Әзірбайжанға дәмдеуіштерді жеткізудің өскенін атап өтті. Қазақстанға экспорт 2024 жылмен салыстырғанда 3,5 есе өсті, ресейлік кәсіпорындар жыл басынан бері республикаға 2,6 мың тонна дәмдеуіш жіберіпті.
Жалпы, 2025 жылы Орал федералды округінің кәсіпорындарынан жөнелту шамамен 70 миллион рубльді немесе 447,3 миллион теңгені (857 мың доллар) құрайды.











