Бәйдібекте жаңа өндірістік жобалар жүзеге асуда - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Бәйдібекте жаңа өндірістік жобалар жүзеге асуда

5

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Жыланды елді мекенінде орналасқан «Шаян» индустриялды аймағында өндіріс орындарының саны артып келеді.

Аталған аймақта 2024 жылы травертин тасын өңдеумен айналысатын «Рамирта» ЖШС жаңа өндірістік жобаның құрылыс жұмыстарын басталған болатын. Жоба құны — 800 миллион теңге. Бұл жоба ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, өңірді құрылыс материалдарымен қамтуға мүмкіндік бермек. Одан бөлек, жаңа жұмыс орындары құрылып, 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Сондай-ақ, биыл «Шаян» индустриялды аймағында «Каз Травертин» ЖШС травертин тасын өңдейтін тағы бір ірі кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аталған компания индустриялды аймақтан жер телімін рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 1,8 миллиард теңге. Жоба іске қосылғанда 28 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов «Шаян» индустриялды аймағына барып, жұмыс барысын бақылады. Кәсіпкерлермен кездесіп, жобалармен танысты.
Жаңа бастамалар Боралдай ауылдық округінің экономикалық дамуына тың серпін беріп, индустриялды аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Жергілікті билік пен кәсіпкерлер арасындағы тығыз әріптестіктің нәтижесінде өңірде өнеркәсіп секторы жүйелі түрде дамып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements