Шымкент: Үй жалдаушының өлімі үшін пәтер иесі сотталды

Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға беруші сотталды. Оған тұрғын үйді жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамады, салдары адам өліміне әкеп соқтырды деген айып тағылды.
Сотта хабарлағандай, сотталушы пәтерді газ қызметімен келіспей және газ қауіпсіздігі нормаларын сақтамай тапсырған. Бөлмеде газды бақылау және ауа алмасу жүйелері болмады, бұл газдың ауаға таралуына әкеп соққан. Салдарынан жалға алушы көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.
18 сәуірде сот әйелді ҚР ҚК-нің 306–бабы (жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша кінәлі деп таныды және оған пробациялық бақылау белгіленіп, төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.