Шымкентте үгіт-насихат жұмыстары басталды
ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының 19 наурыз күні өтетін сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат науқаны басталды. Осыған орай «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы бойынша сайлауалды қоғамдық штабы өз жұмысын бастады.
Үгіт-насихат жұмыстары үшінші мегаполистің барлық аудандарын қамтиды. Жан-жақты қамту үшін «Жастар рухының» белсенділері жұмылдырылған.
Атап айтқанда, үгіт-насихат кезеңінде партия мен кандидаттың насихат плакаттарын ілу бойынша 500 белсенді жастың тізімі жасақталып, аумақтар бойынша бөлініп бекітілген.