Астанада Қазақстан халық ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтуде
26 – 27 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессия жұмысына Шымкент қаласынан жалпы саны 21 делегат қатысып жатыр . Делегация құрамында ассамблея құрамына кіретін қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің басшысы бар.
Сессияның бірінші күні Назарбаев Университетінде секциялық пікірталас алаңдарының жұмысы сессия делегаттарының және сарапшылардың кең ауқымының қатысуымен ұйымдастырылды.
Делегация құрамындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері секциялық пікірталас алаңдарында “ҚХА-ның саяси реформаларды іске асырудағы және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі”, «Ұлттыққұрылыс және жалпыұлттық бірегейлік бойынша интенсив», «Этносаясаттың өңірлік аспектілері бойынша интенсив» тақырыптарында сарапшылармен өзара пікір алмасып жатыр.
Айта кетейік, 27 сәуір күні Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы Елордадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтеді.