Құрметті спорт саласының қызметкерлері! - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Құрметті спорт саласының қызметкерлері!

0
75
Қадірлі спортшылар!
Сіздерді Спорт күні мерекесімен құттықтаймын! Спорт – елдік белгісі, спорт – денсаулық кепілі. Спорт – ізгілік пен саламатты өмірдің темірқазығы. Ал осы салада тер төгіп жүрген бапкерлер мен спортшыларды елдің рухын көтеретін батырлар деуге толық негіз бар. Себебі, спортшылардың жеңісі арқылы елдің мәртебесі көтеріледі.
Биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытай Халық Республикасысың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары өтеді. Осы дүбірлі сында еліміздің намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тілеймін.
Баршаңызға жарқын эмоциялар, табысты жарыстар және спорттық жетістіктер тілеймін! Әлемдік ареналарда көк туымыз желбіреп Әнұранымыз шырқала берсін!
Advertisements