ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТУДЕ
Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтіп жатыр.
Қала тұрғындарын қабылдау күнінде 200-ге жуық азамат өтініш білдірген. Сондай-ақ әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары және тиісті мамандар да тұрғындардың мәселелерін тыңдауда. Қабылдауда қала әкімі халықтың ұсыныс-тілегін ескеріп, өтініш білдірген тұрғынның бәрін қабылдайтынын жеткізді.