Қостанай облысында 95 бас малдан бруцеллез анықталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қостанай облысында 95 бас малдан бруцеллез анықталды

7

Қостанай облысында 95 бас малдан бруцеллез анықталды. Малдар дереу союға жіберілді.

Әулиекөл ауданы Новоселовка ауылының шаруашылықтарының бірінде ірі қара малдың зооноздық инфекциясы анықталды. Жануарлар дереу союға жіберілді. Қалған сиырлар бақылауға алынды. Жануарларды әкетуге және өріске шығаруға тыйым салынады.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаевтың айтуынша, өткен жылдың күзінде Қостанай ауданында үш бруцеллез ауруы анықталса, оның екеуі Әулиекөл ауданында болған.

587ші ережеге сәйкес сауықтыру шарасы жүргізілуде. Осыған байланысты осы шаруашылықта бүгінгі күні ошақ ашылды және Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ зерттеу жүргізетін болады. Бұл шаруашылықта екі есе теріс нәтиже алғанға дейін әр 15-20 күн сайын сынама жүргізіледі, деді Төлеген Иманбаев.

Advertisements