Сотта Шерзат Болаттың қайтыс болу себебі айтылды
Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 16 жасар Шерзат Болаттың (Полат) қайтыс болу себебі айтылды.

Ulysmedia.kz
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсембайдың айтуынша, жасөспірім көп қан жоғалтқан, салдары өлімге әкеліп соққан.
“Медициналық сараптамаға сәйкес, Шерзат Полаттың өліміне сол жақтағы кеуде қуысына тығылған пышақ себеп болған. Жарақаттан көп қан кетіп, қайтыс болған. Оның қайтыс болғаны 4 қазанда сағат 01:30 — да Талғар аудандық ауруханасында расталды“, – деді Дана Сәрсембай.
Прокурордың айтуынша, денені зерттеу кезінде келесі жарақаттар анықталды: ішкі және сыртқы қан кетулерді тудырған сол жақтағы кеуде қуысының тесілген жарақаты. Сондай-ақ, Шерзаттың денесі мен басында көптеген жарақаттар анықталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, кісі өлтіргені үшін басты айыпталушы Абзал Шынасыл болып табылады. Прокурор айтқандай, сотталушы Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақ салды.
- Сотталушы Шынасыл Абзал кісі өлтірді деп айыпталуда (ҚР ҚК 99–бабы, 2-бөлім). Сондай-ақ оған ҚР ҚК 293–бабы, 3–бөлігі (“бұзақылық“) бойынша айып тағылды.
- Сотталушы Сакиев Равиль 293–бап, 3–бөлім (“бұзақылық“) және кісі өлтіруге оқталғаны үшін (99–бап, 2–бөлім, 24-бап, 3-бөлім) айыпталуда.
- Белгожаев Шыңғыс, Аскентай Ілиясов, Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат, Қалиахмет Дидар 293 “Бұзақылық” бабы бойынша айыпталуда.
- Кәмелетке толмаған. Ы.Д. “ауыр қылмыс туралы хабарламау“ бабы бойынша айыпталуда. Процесс Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтуде. Айыпталушы орындығында тоғыз адам бар.