Шымкенттіктердің 80 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкенттіктердің 80 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған

6

Бүгінде Шымкент қаласында 81 шағын аудан, тұрғын алап пен елді мекен бар. Оның 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.  Қалғаны тек 23 мың тұрғыны бар Құрсай елді мекені болып отыр. Яғни, қаладағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші — 99,5 пайыз.

Құрсай елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылысы 2021 жылы басталған. Бірнеше кезеңде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазір су құбыры толық тартылған. Бүгінде құбырдың бойы абаттандырылып жатыр. Биыл жұмыс толығымен аяқталады.
Өткен жылы 10 нысанның құрылысы жүргізілді (Сайрам 1,2 және 3 кезек, Бозарық 1,2,3-кезек, Қайтпас-1, Ақжайық, және 242 жер учаскесі 20 үйі бар Тұранмен Қайтпас-1 шағын ауданының арасы). Оның 6-ының құрылысы өткен жылдың соңында аяқталды (Сайрам 1,2 және 3-кезек, Бозарық 1,2,3 кезек, Қайтпас-1). Былтыр жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 27 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізді.
Биылға 4 нысан өтіп, (Ақжайық, Тұранмен Қайтпас-1 шағын ауданының арасы, Құрсай 1,2 кезек,) құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оған қосымша биыл Қызылжар елді мекенінде де ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды.
Жалпы, Шымкент қаласы аумағында 7 186,7 шақырым ауыз су құбыры бар. Оның 5 080 шақырымы «Су құбыры және канализация басқармасына» қараса (тозу деңгейі — 4,6 пайыз), ал, 1 929 шақырымы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-іне (тозу деңгейі — 56,5 пайыз) тиесілі.
Су көздерінің қуаттылығы тәулігіне 460 мың текше метрді құрайды. Қала халқының орташа тұтыну көлемі — тәулігіне 145 мың текше метр.
Advertisements