Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы 2000-ға жуық қызмет көрсеткен - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы 2000-ға жуық қызмет көрсеткен

100

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы кеңесшілері республика бойынша берілген кеңес қызметтері бойынша екінші орында.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімі – заңгерлік қызметтер, бухгалтерлік және салықтық есептер, мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу және маркетингтік қызметтер, жалпы 1800-ге жуық кәсіпкерге 2000-ға жуық қызмет көрсетілді.

Аудандарда бизнес өкілдерімен кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтарға 13000-ға жуық кеңес беріліп және қаржыға дейінгі сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Бухгалтерлік және салықтық есептерді тапсыру бойынша жалпы сомасы 500 млн теңгеден асатын 353 салықтық есептер тапсырылды. Ал маркетинг қызметі бойынша 274 бизнес-жоспар жазылып, олардың ішінде жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын жоба қаржыландырылған.

«Атамекен-Түркістан» МҚҰ-на 300-ден астам өтінім қабылданып 2,5 млрд теңгеге жуық сомаға қаржыландырылды.

Іскерлік байланыстар құралы бойынша Жетісай ауданының кәсіпкері іріктеуден өтіп, тәжірибе алмасу мақсатында Германия мемлекетінің өз саласындағы үздік кәсіпорынына аттанбақ.

Advertisements