Шымкент: Өзбекстандық инвесторлармен кездесу өтті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Өзбекстандық инвесторлармен кездесу өтті

6

Шымкент қаласына Өзбекстан Республикасынан келген инвесторлармен кездесу ұйымдастырылды. Басқосу барысында тараптар бірқатар инвестициялық жобаларды талқылады.

Кездесу аясында шетелдік қонақтарға Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті, индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері мен инфрақұрылымдық артықшылықтары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, инвесторларға ұсынылатын қолдау тетіктері, оның ішінде жеңілдетілген шарттар мен мемлекеттік қолдау құралдары таныстырылды.

Бұл кездесу екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

 

Advertisements