Құлсары: Жанармай құю бекеті жарылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Құлсары: Жанармай құю бекеті жарылды

5

Атырау облысының Құлсары қаласында жанармай құю бекетінде жарылыс кезінде қаза тапқандар туралы мәліметтер белгілі болды.

Алдыңғы түнде жанармай құю станциясында үлкен жарылыс болды. Екі адам қаза тапты.

Atyrau oil.news жергілікті Instagram да хабарланғандай,  қаза тапқандар жанармай құю станциясының қызметкерлері екен.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамыр күні кешкі сағат 18:45 шамасында Атырау облысының Құлсары қаласында Ниет жанармай құю станциясында жарылыс болды. ТЖМ мәліметінше, жанар-жағармай құю станциясында газ-ауа қоспасының жарылуы орын алған. Содан кейін өрт бір қабатты үш ғимаратқа, жанармай құю станциясына және артында орналасқан екі қабатты ғимаратқа жайылды.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 14 адам, оның ішінде төрт бала Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлмшесіне жеткізілді.

7 пациенторташа ауырлық дәрежесінде, 3 пациенттұрақты жағдайда, олардың өміріне қауіп төндіретін асқынулар байқалмайды.

Advertisements