Мектепке 100 кітап сыйға тартылды
Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында кітапхана меңгерушісі М.Құлыншақованың бастамасымен “Кітапханаға кітап сыйла” акциясына еріктілер жиналып, кітапхана қорына 100 кітап сыйға тартты.
Шара мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту болып табылады.